Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістан қалаларындағы теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет авиация және теміржол салаларындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қызылорда мен Түркістандағы вокзалдарды жөндеу аяқталған. Сондай-ақ былтыр Шымкент пен Павлодар вокзалдары жаңартылды. 2025 жылғы 28 ақпанда Екібастұз вокзалын реконструкциялау аяқталды.
Реконструкциялаудың негізгі параметрлері:
Павлодар вокзалы
Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 3,5 мыңнан 4,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.
Аумағы 4900-ден 5400 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Шымкент вокзалы
Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 2 мыңнан 6 мың адамға дейін үш есе артты.
Аумағы 1770-ден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Екібастұз вокзалы
Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1,5 мыңнан 2,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.
Аумағы 2395-ден 2505 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Вокзалдарды реконструкциялау жолаушылардың жағдайын едәуір жақсартуға және сапардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?