23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда халыққа арналған әлеуметтік көмекті жасанды интеллект арқылы жүзеге асыру әдістері қаралып жатыр. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр жасанды интеллектті дамыту үшін сапалы деңгейде жинақталған мәліметтердің құрылымдық деректер қорын қалыптастыру қажет екенін атап өтті.
Қазір бізде 400 түрлі деректер базасы бар және оларды біріктіруге тырысып жатырмыз. Бұл ретте біріктіріліп жатқан 80 негізгі деректер базасы бар. Енді біз оларды талдап, нәтижесін шығарамыз. Мәселен, Қазақстанда 600 мың адам тиімді бағада баспана алуға өтініш жасаса, олардың кейбірі осыдан 10 немесе 5 жыл бұрын құжаттарын өткізген. Бірақ біз қазір мәліметтер базасын бір деректер қорына біріктірдік және осы 600 мың өтінішті зерделедік. Осы орайда олардың жарты миллионында пәтерлер бар екені анықталды. Олар енді Үкіметтен бұл қолдау түрін алмайды. Дегенмен, тиісті қолдау баспанаға мұқтаж басқа отбасыларға бағытталады, - деді Б. Мусин.
Бағдат Мусин Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісіне көшуге назар аударып отырғанын айтты. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқына қандай қолдау қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Осыған дейін әлеуметтік көмек алуға жүгінбеген азаматтарға 60 000 SMS жіберіп, хабарламадағы сілтемені басу арқылы осы көмекті алуға жағдай жасалатынын ескерттік. Осы орайда мұндай тәсілдер жасанды интеллекттің бастапқы мүмкіндіктерінің бірі саналады. Алдағы уақытта бұл технологиялар арқылы талдау жасауға көшеміз, - деді министр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік