7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының Шығыс Еуропадағы мемлекеттік органдармен іс-қимыл бойынша және корпоратив директоры Сергей Соколов және компанияның Орталық Азиядағы мемлекеттік билік органдарымен жұмыс жөніндегі басшысы Дмитрий Пылевпен кездесті.
Жиын барысында 13 жасқа дейінгі балалардың Tiktok-ты пайдалануына шектеу қою бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мәселесі талқыланды.
Министр осы арқылы балалар мен жастар арасында суицидтің көбеюіне әкелетін контентті көрсетуді шектейміз деп отыр.
Сонымен қатар кездесуде «Интернет жарнама және онлайн платформа туралы» заң жобасы сөз болған.
Заңнамада онлайн платформа иелерімен бірге жұмыс істеу, қазақша контентті монетизациялау және модеризациялау, интерфейстерді қазақшалау мәселесі қарастырылып отыр, - деді Қыдырәлі.
Сергей Соколов ТикТок платформасында жас шектеулерін сақтау және кибербуллингтің алдын алу үшін мүдделі билік органдарымен, жұртшылықпен және сарапшылармен бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Сонымен бірге TikTok өкілі аталған заң жобасының әзірленуіне өз үлесін қосып, онлайн платформаларды жетілдірудегі мемлекет жұмысына қолдау білдірді, - деді министр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?