28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы төмендеуіне орай импорт арқылы келетін тауарлар арзандайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі», - деді Е. Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол экономикада инфляция да біртіндеп төмендейтінін жеткізді.
«Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз», - деді Қаржы министрі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?