Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаттары Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Солардың бірі – некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, некені бұзу үшін төленетін баж салығы қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін өсуі мүмкін.
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бұл бастаманың мақсаты азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, байыппен қабылдауға итермелеу екенін айтты.
Баж салығын арттыру сәттік сезіммен ажырасу туралы шешім қабылдайтындар үшін белгілі бір тежеу бола алады. Бұл әсіресе жастар арасындағы орынсыз ажырасулардың алдын алуға көмектесуі мүмкін, – деді депутат.
Сонымен қатар Бейсенғалиев бұл ұсыныс мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды көздейтінін ерекше атап өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?