23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салып, оларды қарыздан құтқару ұсынылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісте аз қамтылған азаматтардың берешегін қадағалауды күшейтетін заң жобасы қаралып жатыр. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар да бар.
Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі Марат Шибұтовтың сөзінше, әр қарыз алушы орта есеппен 2,15 миллион теңге берешек. Жалпы қарыз бүгінде 18 триллион теңгені құрап отыр.
Азаматтар несие алып, оны дәл уақытында қайтарудан бас тартатын көрінеді. Оның үстіне банктер мен микроқаржы ұйымдары ел тұрғындарын несие алуға итермелейтіні бар. Isker isi әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шералиева атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың көпшілігінде оннан аса микрозаймдары барына алаңдаулы.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 69 мың адам өзін банкрот жариялауға өтініш берген, алайда оның тек 5 мыңының өтініші қабылданған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік