6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда жаңа жүргізушілер мен мопед иелері үшін міндетті автосақтандыру құны төмендетілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген түзетулер жобасына сәйкес, алғаш рет полис рәсімдейтіндер үшін сақтандыру шамамен 30%-ға, ал мопед иелері үшін 45%-ға арзан болады. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл мәселе біраздан бері талқыланып келген. 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап елде жаңа сақтандыру кластары енгізіліп, жаңадан рульге отырған жүргізушілер үшін полис бағасы күрт өсті. Мысалы, Астанада алғаш рет көлік жүргізушісіне арналған сақтандыру құны 56 мың теңгеден бірден 112 мың теңгеге көтерілген.
Бұл жайт қоғамда наразылық туғызып, мәселе Мәжіліс қабырғасында да көтерілді. Депутаттар агенттікке коэффициенттерді қайта қарауды ұсынды, ал ведомство ұсынысты қолдады.
Жаңа жобада «А» класы мүлде жойылып, алғаш рет сақтандыру рәсімдейтіндерге 1,8 орнына коэффициенті 1,2 болатын 3-класс берілмек. Ал мопед пен мотоцикл иелеріне коэффициент мүлдем төмен – 1,0 деңгейінде белгіленеді.
Осылайша, өзгерістер қабылданса, сақтандыру бағасы жаңа жүргізушілер үшін 30%-ға, мототехника иелері үшін 45%-ға төмендейді. Бұл полистің қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, оның құны көлік құнынан аспауына мүмкіндік береді.
Жаңа ережелер 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енуі мүмкін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі