6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлімізде ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) 109 жол учаскесі жабылды, оның 41-ы республикалық, 69-ы облыстық маңызы бар жолдар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.
Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалған.
Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 695 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай) бар, 146 техника қар құрсауынан шығарылды.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункті ұйымдастырылған, сонымен қатар 99 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.
Уақытша жылыту орындарында 171 адам болса, оның ішінде 4 бала (Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облысы).
Тұрғындарды ескерту мақсатында ауа райының қолайсыздығы туралы 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілген.
Құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың және Ішкі істер министрлігінің 600-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.
Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі