Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Орталық Азия аритмологиялық саммиті өтті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелеріне арналған маңызды өңірлік оқиға, деп жазады El.kz интернет порталы.
Форум ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығымен, Дүниежүзілік аритмия қоғамымен, Жібек жолы жүрек ырғағы қоғамымен, қазақ аритмологтар қоғамымен және Астана медицина университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Екі күн бойы Қазақстан, Түркия, Аустрия, Корея, Қытай, Польша, Әзірбайжан, Германия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші кардиологтары мен аритмологтары заманауи аритмологияның даму бағыттарын талқылады. Бағдарламада - Қазақстандағы жүрекшелер фибрилляциясын абляциялау тәжірибесі, катетерлік емдеудің қазіргі заманғы әдістерін, ересектердегі туа біткен жүрек кемістіктері кезіндегі аритмияны салыстырмалы талдау, кенеттен жүрек өлімінің профилактикасы, сондай-ақ кардиовертер - дефибрилляторларды имплантаттаудың және жүректі физиологиялық ынталандырудың озық технологияларын қолдану.
Аритмияны жоғары технологиялық емдеудегі жаңа тәсілдерге ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылымында күрделі аритмологиялық араласулар жүргізу үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған Жүрек Ырғағы орталығы жұмысын бастады.
Мұнда 3D навигациялық карталарды жасау, радиожиілік және импульстік абляция, электродсыз кардиостимуляторларды имплантаттау және эндокард электродтарын алу ресімдері орындалады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары