7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанда бастауыш білім беру стандарты қайта қаралып, биылғы 23 қаңтарда оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген болатын. Осы өзгерістер аясында қазіргі уақытта «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бастауыш сыныптардағы «Әліппе», «Ана тілі» және математика пәндерінің мазмұны Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленіп, оқушылардың жас ерекшелігі мен физиологиялық мүмкіндіктері ескеріледі. «Әліппе» пәнінің бағдарламасы жалпыдидактикалық ұстанымдарға және Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттарына негізделіп құрылды. Бағдарлама әріп таныту, оқу мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, – делінген вице-премьердің жауабында.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин бастауыш сыныптардағы математика пәнінің ерекшелігіне де тоқталды. Оның айтуынша, пән бойынша оқу жүктемесі былай бекітілген:
1-сыныпта – аптасына 4 сағат (жылына 132 сағат);
2-сыныпта – аптасына 4 сағат (жылына 136 сағат);
3 және 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат (жылына 170 сағат).
Бұл жүйе оқу материалының көлемін біртіндеп арттыруға және оқушылардың математикалық білімін дәйекті түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?