Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарРеспубликалық олимпиадаға ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады. Бұл туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астанада өтеді. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға жүлде қоры 500 мың теңге.
Мемлекет басшысының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахматтан олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады»,– дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада еліміздегі шахмат қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?