Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласы 5-6 қарашада елімізде алғаш рет өтетін семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын қабылдайды, деп хабарлайды El.kz.
SADU Arena спорт кешенінде жарыстың 1-күні жекелей, ертесіне командалық сайыс жеңімпаздары анықталмақ.
Жалпы бәсекеде 10 елдің 50-ден астам атлеті шеберлік байқасады. Оның 22-сі қазақстандық. Мұнда әлем рейтингінде ұпай қорын молайтып алатын жақсы мүмкіндік бар.
Турнир қорытындысы бойынша келесі жылғы Әлем және Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталады.
Almaty Jastar Saber Cup-ты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық семсерлесу федерациясы ұйымдастырады. Кездесулер өтетін жаңа құрал-жабдықтың бәрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен SportQory қамқоршылық қорының қаржысына сатып алынды. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) ұйымдастыру жұмысы мен жалпы жарысқа бақылау жасайды.
Айта кетейік, баспасөз-конференциясы 4 қараша, Алматы уақытымен сағат 14:00-де SADU Hotel-дің конференц-залында өтеді. Бәсекенің ресми ашылуы 5 қараша, сағат 15:00-де SADU Arena-да (Әл-Фараби даңғылы,128/7) болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары