23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 гектар жылыжай кешенін салған. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді.
Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі. Бұл жылына шамамен 1 мың тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллары болды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды. Жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған. Бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік