7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Мемлекет Басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Талдықорғанда алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Medskills Zhetysy-2025» республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің барлық өңірлерінен келген 3-4-курс студенттері Талдықорған жоғары медициналық колледжінің базасында чемпионаттың 15 алаңында стандартталған пациенттердің қатысуымен моделденген нақты клиникалық жағдайларда дағдыларын көрсетті.
Конкурстық тапсырмалардың негізгі бағыты дәлелді күтімге және мейіргер процесін кешенді басқаруға — білікті практикаға бағдарланған мейіргердің жұмысшы мамандығының негізгі құрамдас бөліктеріне аударылды:
Халықаралық стандарттардың объективтілігі мен қатаң сақталуын 45 сарапшыдан тұратын команда қамтамасыз етіп, практикалық дағдыларды тәуелсіз бағалаудың маңыздылығын атап өтті.
«Medskills Zhetysy-2025» чемпионаты Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі жұмысшы мамандығы ретінде кәсіби дағдыларды дамыту, тәжірибе алмасу және мейіргер ісінің имиджін нығайту үшін қуатты платформаға айнала отырып, өз миссиясын сәтті орындады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?