Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында белсенділік артқаны байқалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміз бойынша жалпы сомасы 33,1 млрд теңге болатын 2105 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам құруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және ауылдық өңірлерді қоса алғанда, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.
1 шілдеден бастап мемлекеттік гранттарды беру және мониторинг жүргізу қағидаларының жаңартылған редакциясы күшіне енді. Жаңа тәсілдер рәсімдерді жеңілдетіп, ашықтықты арттырып, үкіметтік емес ұйымдарға жобалардың мазмұнына назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдер саны 7,7% артты, ал бір грантқа келетін бәсеке 16,9 өтінімге дейін жетті. Бұл азаматтық сектордың мемлекеттік қолдау тетіктеріне сенімінің жоғары екенін көрсетеді.
Гранттық қаржыландыру нақты әлеуметтік нәтиже көрсетуде. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Түрлі мақсатты топтарға арналған 500-ден астам оқыту іс-шарасы өткізіледі. 3000-ға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруде.
Қоғамдық бақылауды дамытуда Қоғамдық кеңестер маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес қызмет атқарады, оның 36-сы республикалық деңгейде. Кеңес құрамына 4 мыңға жуық белсенді азамат енген. Биылғы жартыжылдықта қоғамдық кеңестер 1500-ден астам нормативтік құқықтық акт жобасын қарап, 200-ден астам қоғамдық тыңдау және 300-ге жуық мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, өңірлерде 65-тен астам іс-шара өткізді. Бұл тексерістерге туристік нысандар, жасыл аймақтар, жер қойнауын пайдалану орындары мен рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындар қамтылды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова