28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда төлем жүргізу үшін алақанның биометриялық сәйкестендіру технологиясын пайдаланатын инновациялық пост-терминал әзірленіп, Digital Almaty халықаралық форумында таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылғыны әзірлеген – Alaqan компаниясы. Компания басшылығының айтуынша, енді банк картасын өзіңізбен алып жүрудің немесе телефон арқылы төлем жасаудың қажеті жоқ. Терминал адам алақанының бірегей үлгісін оқиды және төлемді жүзеге асырады. Мұндай технология ғимаратқа кіру үшін оқу орындарында және кейбір мемлекеттік органдарда енгізілген.
Бұл өнім – пост-терминал. Біз оны бірнеше ай бұрын шығардық. Қазір толығымен сынама жұмыстары жүріп жатыр. Кейіннен біз оны банктің пост-терминалы ретінде орнатқымыз келеді. Ия, бұл әдеттегі пост-терминал, бірақ біздің құрылғыда адамды сәйкестендіру сканері орнатылған. Мұнда сіз карта, QR және алақанмен төлей аласыз. Ол қалай жұмыс істейді? Мәселен, адам дүкенге келіп, “төлем” батырмасын басады, алақанын ұсынады, сол кезде оның карточкасынан ақша алынады. Енді төлем жасау үшін картаны, телефонды алып жүрудің қажеті жоқ. Қазір ең өзекті мәселе – биометриялық деректердің қауіпсіздігі. Дәл осы технология, яғни алақанмен төлем жасау – биометрия бойынша бүгінгі таңда ең қауіпсіз болып саналады, – деді Alaqan компаниясының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?