Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиылғы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы негізінде елордада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланған. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінде тырысқақ, ботулизм, қызамық, дифтерия, сібір жарасы, қышыма, тағы да басқа жұқпалы аурулар тіркелмеген. Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізу мүмкіндігі берілді. Жедел ішек инфекциясы 5 пайызға, скарлатина 56 пайызға, бактериялық менингит 36 пайызға, желшешек 40 пайызға және педикулез 44 пайызға төмендеді, - деп атап өтті дәрігер.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ 4 аурудың көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде қалған. Олардың қатарында туберкулез, эпидпаротит, В және С вирустық гепатиттері бар.
Жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан бірқатар инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалған. Олардың ішінде А вирустық гепатиті және менингококк инфекциясы 6 есеге, қызылша 17-ге дейін өсті, - деді Сарқыт Бейсенова.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады