Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл қаңтар айынан бастап Ұлттық сараптама орталығында секвенирлеу әдісімен қызылшаны анықтауға 270 зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Сараптама барысында 82 сынама оң нәтиже берді. Зерттеулердің анағұрлым көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілді. Қазіргі уақытта ҰСО-ның барлық филиалдары қызылшаны анықтауға арналған тест-жүйемен қамтамасыз етілген.
Қызылша – бұл жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит және бөртпе түрінде көрінетін жіті вирустық ауру. Вирус ауа арқылы әрі ұзақ қашықтыққа да оңай тарайды.
Қызылшаның алдын алудың жолы – вакцинация. Міндетті түрде дезинфекция жасалуы тиіс, үй-жайды желдету, дымқыл тазалау, басқа (науқас емес) адамдармен байланыстың болмауы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?