Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын болады.
«Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Сол сияқты, көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Мәселен, 2021 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы 3,8 млн салық төлеушіден 15,3 млрд теңгені құрады.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны - 3,0 млн адам немесе 78,4% құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері болып табылады.
Сонымен бірге бағалау құны жоғары салық салу объектілері бар. Мәселен, құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы алғанда 610 млн теңге мүлік салығы есептелді. Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады», - делінген хабарламада.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік