23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Биыл елімізде 172 мың түлек мектеп бітіреді. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 млн-нан астам оқушысы үшін аяқталады. 11 сыныпты 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 6,8 мың оқушы.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді, – деді министр.
Қорытынды емтихандар 9 сыныптарда 2-13 маусым аралығында 4 пәннен , ал 11 сынып түлектері үшін маусымның 5-19 аралығында 5 пәннен өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік