7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жекеменшік мектептің басшыларымен кездесіп, орта білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды қолдау, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, тегін тамақпен қамтамасыз ету, педагогтардың біліктілігін арттыруға қатысты сұрақтар көтерілді.
Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет білім беру саласындағы инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Сапалы адами капитал - кез келген дамудың негізі. Мәселен, соңғы екі жылда жекеменшік мектептердің дамуын арттыру үрдісі байқалады. Ал олардың ашылуы үш ауысымды мектептердің мәселені шешуге ықпал етуде, - деп атап өтті Еділ Оспан.
Бүгінде елімізде мемлекеттік тапсырыс аясында жан басына шаққандағы норматив арқылы 558 жекеменшік мектеп қаржыландырылады. Аталған төлемдер мемлекеттік стандарттар бойынша білім беру процесі мен білім беру ортасын ұйымдастыруға арналған.
Министрлік жеке білім беру ұйымдарын кезең-кезеңімен дамытуға және оларда балалардың қауіпсіздігін, оның ішінде заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды жалғастырмақ.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?