Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда спутниктік технологияларды пайдалану арқылы 504 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылды. Жоба Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тарапынан жүзеге асырылды.
Ұлттық жобаның басты мақсаттарының бірі - талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту немесе ұялы байланыс базалық станцияларын орнату экономикалық әрі техникалық тұрғыдан мүмкін емес, шалғай және халқы аз елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. Мұндай ауылдарда тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу үшін спутниктік байланыс жүйелері қолданылды.
2023 жылдан бастап KazSat спутниктері арқылы 176 ауылдық елді мекен интернетке қосылды.
Қалған 328 ауылдық елді мекен бейгеостационарлық спутниктік жүйелер (НГСО) негізінде OneWeb технологиясы арқылы, Jusan Mobile операторының қатысуымен интернетке қосылды.
Нәтижесінде, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасында көзделген барлық 504 ауылдық елді мекен спутниктік интернетпен толық қамтылды.
Жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындарына онлайн білім алу, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану, телемедицинаға қол жеткізу және жақындарымен тұрақты байланыс орнату сияқты заманауи цифрлық мүмкіндіктерді ашты. Бұл елді мекендердегі өмір сапасын арттыруға және қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?