Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы «Желіге шолу» айдарында Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің басқарма басшысы Ардақ Айтжанова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Елімізде 460-тан астам арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Атап айтқанда 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 208 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 14 оңалту орталығы, 10 autism-орталығы бар. Бұдан бөлек, мектептерде 640-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті мен 1 600-ден астам логопедиялық пункт қызмет көрсетеді»,- деді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Ардақ Айтжанова.
ПМПК, түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтарын көбейту мақсатында министрлік заңнамаға өзгерістер енгізіп, жаңа нормативті бекітті. Осының нәтижесінде ПМПК кабинетін ашуға қойылатын талап жеңілдеп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға мемлекеттік тапсырыс тетігі енгізілді.
«Бұған дейін 60 мың балаға бір орталық ашылса, енді 50 мың балаға бір орталық ашылады. Бұл бізге тағы 34 арнайы кабинет ашуға мүмкіндік береді. Биыл 15, келесі жылы 14, 2025 жылы 5 кабинет ашу жоспарланып отыр»,- деді Ардақ Айтжанова.
Соңғы үш жылда жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде арнайы кабинеттер саны едәуір артқанын еске сала кетейік. Елімізде 2019 жылы 71 болса, қазіргі уақытта оның саны 21-ге артып, 92-ге жетіп отыр. Бұл өте маңызды көрсеткіш.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік