2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі таңда елімізде 278,2 мыңнан астам профилактикалық егулер жүргізілді, оның ішінде бірінші дозаны 170 мың жасөспірім, екінші дозаны — 108,2 мың адам алды. Иммундаудан кейін жағымсыз көрініс жағдайлары тіркелген жоқ.
АПВ-ға қарсы вакцинациялауды тиімді енгізу мен мониторингті қамтамасыз ету үшін иммундау барысына тұрақты бақылау жүргізіледі.
Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады.
АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасының негізгі мақсаты әйелдерді АПВ-ның негізгі қоздырғышы болып табылатын жатыр мойны обырынан, сондай-ақ гениталдың кандиломаларды, анус және жыныс мүшелерінің обырын қоса алғанда, басқа да онкологиялық аурулардан қорғау болып табылады.
АПВ-мен сырқаттанудың ауыртпалығын және вакцинациялаудың тиімділігін ескере отырып, 147 ел бұл вакцинаны өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді және әлемнің 76 елі АПВ-ға қарсы әйелдер мен ерлерді вакцинациялайды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс