Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
23 тамызда 1,3 млн гектарға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділігі — 18,5 ц/га. Қазірдің өзінде 2,4 млн тонна астық бастырылды.
Көкөніс дақылдары 51,9 мың гектардан жиналды, өнімділігі — 248 ц/га, 1,3 млн тоннаға жуық жиналды. Бақша дақылдары - 82,7 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі — 249,3 ц/га, жалпы алым 2 миллион тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника қатысады.
Ағымдағы жылдың егін жинау жұмыстарына дизель отынының көлемін қалыптастыру ақпараттық жүйе базасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің электрондық өтінімдері негізінде жүзеге асырылды. "Gosagro.kz" арқылы 355,0 мың тонна дизель отыны қабылданды.
АШТӨ үшін дизель отынының құны литріне 250 теңге деңгейінде, бұл нарықтан 15% арзан. Аграршыларға шамамен 54,5 мың тонна жанармай жөнелтілді.
Жалпы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?