Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазан айының соңғы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады. Кей өңірлерде ауа температурасы 22 градусқа дейін көтерілгенімен, солтүстік пен шығыста қар жаууы мүмкін. «Қазгидромет» синоптиктері 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер мәліметінше, еліміздің батыс бөлігінде ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Соның нәтижесінде жауын-шашын азайып, күн жылы болады. Ал солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың ықпалынан жауын-шашын, негізінен қар күтіледі.
Түнде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмен түседі. Ал күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0-5 градустан 5-10 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен оңтүстікте күн әлдеқайда жылы болып, термометр бағаны 17-22 градусты көрсетеді.
Астанада қар аралас жаңбыр жауады
Елордада алдағы үш күнде күн құбылмалы бұлтты болады.
29 қазанда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде 2-4 градус аяз болса, күндіз ауа температурасы 9-11 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 9-14 метрге жетеді.
30 қазанда түнде қар, күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
31 қазанда жауын-шашын болмайды. Түнде 2-4 градус аяз болып, күндіз 7-9 градусқа дейін жылынады.
Алматыда күн 14 градусқа дейін жылынады
Алматыда қазанның соңғы күндері салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.
29 қазанда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Түнде ауа температурасы 1-3 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.
30 қазанда күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде температура 1-3 градус аязға дейін төмендегенімен, күндіз 12-14 градусқа дейін көтеріледі.
31 қазанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде 1-3 градус, күндіз 12-14 градус жылы болады. Үш күн бойы солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шымкентте 21 градусқа дейін жылы болады
Үш мегаполистің ішінде ең жылы ауа райы Шымкентте күтіледі.
29 қазанда таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.
30 қазанда жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы 17-19 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 3-5 градус жылы болады.
31 қазанда да күн ашық болып, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 19-21 градусқа дейін жетіп, түнде 3-5 градус шамасында сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды