18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Биыл 5 ай ішінде елде 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық.
Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.
Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр