Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨңірлерле 2025–2026 жылдардың қысқы маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АШМ мәліметінше, жоғары қарқын Қостанай (96,5%), Ақмола (92,3%), Солтүстік Қазақстан (97,3%) облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында (91,0%) және Шымкент қаласында (100%) байқалады.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, бүгінгі күні 17,9 млн тонна шөп, 1,2 млн тонна сенаж, 422,6 мың тонна құнарлы мал азығы, 1,1 млн тонна сабан, 193,5 мың тонна сүрлем дайындалған.
2025–2026 жылдардың қысқы маусымына бекітілген жоспарлы көлемдер: шөп – 24,5 млн тонна, сенаж – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, құнарлы мал азығы – 5,6 млн тонна, сүрлем – 2,0 млн тонна.
Қазіргі дайындалған мал азығы көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім және төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті. Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты,-делінген мәліметте.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады