30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБиыл грант мөлшері 1 730 000 теңгені құрайды. Бұл сома айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты ұлғайтылған. Қаражат қайтарымсыз негізде беріледі және оны кері қайтару талап етілмейді.
Мемлекеттік грантқа төмендегі санаттағы азаматтар үміткер бола алады:
атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;
көпбалалы отбасылар;
асыраушысынан айырылған азаматтар;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар;
мүгедектігі бар азаматтар;
қандастар;
қоныс аударушылар.
Сонымен қатар өтініш беруші ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе бір жылдан аспайтын мерзім бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы қажет.
Грант тек қолма-қол ақшасыз түрде игеріледі. Қаражатты:
кәсіпке қажетті құрал-жабдықтар мен техниканы сатып алуға;
ауыл шаруашылығы жануарларын алуға;
тұқым және көшет сатып алуға;
өндірістік немесе жұмыс орнына арналған ғимаратты жалға алуға жұмсауға болады.
Ал грантты жеке қажеттілікке пайдалану, тұрғын үй сатып алу немесе несие мен өзге де қарыздарды өтеуге тыйым салынады.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу сертификаты болуы міндетті.
Сондай-ақ өтінішпен бірге бизнес-жоспар ұсынылады. Онда кәсіптің бағыты, қаржылық есебі және күтілетін нәтижелері нақты көрсетілуі тиіс.
Комиссия қарауына дейін мына санаттағы азаматтардың өтінімі автоматты түрде кері қайтарылады:
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер;
мерзімі өткен несие берешегі бар азаматтар;
бұған дейін мемлекеттік грант немесе жеңілдетілген микрокредит алғандар;
банкрот деп танылғандар;
зейнеткерлер;
өтініш бергенге дейін алты ай ішінде жеке кәсіпкерлігін жапқан азаматтар.
Егер таңдалған кәсіп түріне лицензия қажет болып, өтініш берушіде тиісті рұқсат болмаса, өтінім де қабылданбайды.
Биылдан бастап гранттық жобаларды бақылау мерзімі бір жылдан екі жылға ұзартылды.
Сонымен қатар грант иегері алғашқы 18 ай ішінде кемінде бір жаңа жұмыс орнын ашып, оған Карьера орталығы жіберген азаматты жұмысқа қабылдауы тиіс.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлер екі жыл бойы әр үш ай сайын business.enbek.kz порталы арқылы жобаның жүзеге асырылуы жөнінде есеп тапсырып отырады.
Сондай-ақ грант алған азаматтар, олардың жобалары мен құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтер жыл сайын ашық түрде жарияланып тұрады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды