Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесҚазақстанда балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа шектеулер енгізу мәселесі қайта көтерілді. Депутаттар 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу қою тетігін нақтылауды ұсынып отыр. «Әділет» фракциясының мүшелері Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалда әлеуметтік желілердің балалардың психологиясына, денсаулығына, мінез-құлқына және білім алуына ықпалы артып келе жатқанын атап өтті.
Әлеуметтік желі баланың дүниетанымына әсер ететін факторға айналды
Депутаттардың айтуынша, бүгінде әлеуметтік желі баланың бос уақытын өткізетін орта ғана емес, оның дүниетанымына әсер ететін маңызды факторға айналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында және Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардың балалардың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейтінін атап өткен.
Президент 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заң арқылы тыйым салу бастамасын қолдаған. Бұл мәселе сайлаушылармен кездесулер кезінде де жиі көтеріліп келеді.
Проблемалық қолданушылар саны 4 пайызға артқан
Депутаттық сауалда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы жүргізген HBSC зерттеуінің нәтижелері келтірілген.
Зерттеу 44 елдегі 280 мыңға жуық жасөспірімді қамтыған. Нәтижесінде әлеуметтік желіні проблемалық деңгейде пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі 2018 жылғы 7 пайыздан 2022 жылы 11 пайызға дейін өскені анықталған.
Депутаттар бұл көрсеткіш әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесінің ауқымы артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті. Шамадан тыс қолдану ұйқының бұзылуы және психологиялық әл-ауқаттың төмендеуімен байланысты.
Қазақстандық балалардың басым бөлігінде жеке смартфон бар
Қазақстандағы жағдай да алаңдатарлық. 2023 жылы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүргізілген зерттеуге сәйкес, еліміздегі 9*10 жастағы балалардың 60 пайызы, ал 11-12 жастағы балалардың 66 пайызы әлеуметтік желілерде аккаунт ашқан.
Сонымен қатар балалардың 88 пайызында жеке смартфон бар. Олар TikTok, YouTube және Instagram сияқты танымал платформаларды еркін пайдаланады.
Депутаттардың пікірінше, бұл балалардың цифрлық ортаға жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді. Алайда ата-ана тарапынан бақылау жеткіліксіз болуы мүмкін.
Кибербуллинг көрсеткіші екі еседен астам өскен
Әлеуметтік желінің балаларға әсеріне қатысты тағы бір мәселе – буллинг. Балалар әл-ауқаты индексіндегі деректерге сәйкес, 10–18 жас аралығындағы әлеуметтік желілер арқылы буллингке ұшыраған балалардың үлесі 2024 жылы 15 пайыз болса, 2025 жылы 33,5 пайызға дейін өскен.
Осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде екі еседен астам артқан. Депутаттар мәселе баланың әлеуметтік желіде отыруында ғана емес, оның уақытын тиімді пайдалана алмауында екенін алға тартады.
Әлеуметтік желіге шамадан тыс әуестік кітап оқуға, спортпен айналысуға, отбасымен араласуға және сабаққа дайындалуға бөлінетін уақытты қысқартуы мүмкін.
Әлем елдері де жас шектеуін енгізіп жатыр
Балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты шектеу енгізу мәселесі халықаралық деңгейде де талқыланып келеді. Депутаттардың мәліметінше, 2026 жылы әлемнің 25 елінде балалардың әлеуметтік желілердегі жасына қатысты заңнамалық шаралар қаралған.
Мәселен Аустралия 16 жасты негізгі шек ретінде бекіткен. Сондай-ақ Бразилия, Индонезия және басқа мемлекеттерде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты шектеулер енгізілген. Көптеген елдерде 15-16 жас аралығы негізгі шек ретінде қарастырылып отыр.
Заң қабылдау жеткіліксіз
Депутаттар Қазақстанда да осы бағытта тиімді модель қалыптастыру қажет деп санайды. Алайда олардың пікірінше, заң қабылдаумен мәселе толық шешілмейді.
Бірқатар маңызды сұрақтар бар. Мәселен, баланың жасы қалай анықталады? Оның жеке деректері кімнің бақылауында болады? Шектеуді айналып өту үшін жалған аккаунт ашуға қалай тосқауыл қойылады? Ал білім алуға қажетті цифрлық платформаларға балалардың қолжетімділігі қалай сақталады?
Сондықтан жаңа талаптармен қатар, оларды орындаудың нақты әрі қауіпсіз тетіктерін әзірлеу қажет.
Депутаттар Үкіметке төрт ұсыныс жолдады
«Әділет» фракциясының мүшелері Үкіметтен:
Депутаттар үшін басты мақсат – балаларды цифрлық ортадан толық оқшаулау емес, олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондықтан Қазақстан алдында әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізумен қатар, балалардың жеке деректерін қорғайтын, кибербуллингтің алдын алатын және цифрлық сауаттылығын арттыратын тиімді жүйе қалыптастыру міндеті тұр.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді