2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуінен кейін өңірдің гидротехникалық нысандарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұқтырма ГЭС жұмысымен танысып, нысанның бассейндік инспекциялармен өзара іс-қимылын реттедік. Қазір біз қытайлық мамандармен шекарадағы жағдайға байланысты тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр. Бұқтырма су қоймасында 39 млрд текше метр су жиналды. Нысан тағы 10 миллиард текше метр су қабылдай алады. Осылайша, су қоймасы Қытайдан келетін суды қабылдауға дайын. Жағдай жіті бақылауда. Бассейндік инспекция және «Қазсушар» мамандары мұнда тәулік бойы кезекшілік жүргізеді, - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінен су шығыны бүгінде секундына 1800 текше метр, су деңгейі 557 см.
Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу көрсеткіші секундына 900 текше метрге дейін ұлғайтылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс