Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Үздік өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор» XVI республикалық конкурсы аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің барлық өңірлерінің үздік өрт инспекторлары өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, біріншілік үшін күресті. Бағалау нормативтік-құқықтық базаны білуді, тексерулер жүргізу кезіндегі практикалық дағдыларды, сондай-ақ құжаттамамен жұмысты қоса алғанда бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді. Республикалық байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданы ТЖБ бас маманы Рүстем Раисов жеңімпаз атанды. Екінші орын Қызылорда облысы ТЖД Сырдария ауданы ТЖБ бас маманына Әділбек Жарлықасым берілді. Үшінші орынды Шымкент қаласы ТЖД Тұран ауданы ТЖБ бас маманы Сүйінбай Баратов иеленді.
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев жеңімпаздарға марапаттар табыс етіп, байқаудың тәжірибе алмасу және инспекторлар арасында кәсіби құзыреттіліктің өсуін ынталандыру платформасы ретінде маңыздылығын атап өтті.
Біздің азаматтардың қауіпсіздігі сіздердің жұмысыңызға байланысты. Мұндай конкурстар үздіктердің үздіктерін анықтауға және еліміздің барлық өрт инспекторлары үшін жоғары дәрежені бегілеуге мүмкіндік береді, - деді Ерлан Төрегелдиев.
Үздік өрт инспекторы атағы үшін конкурс кәсіпқойлықты көтермелеу, кәсіптің беделін арттыру және өрт қадағалау қызметкерлері арасында озық тәжірибемен алмасу мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды