1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 маусымнан еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық орталықтары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл бастама азаматтардың білікті құқықтық көмек алуын кеңейтуге бағытталған, «Заң және тәртіп» наративі шеңберінде жасалған маңызды қадам болып отыр. Орталықтар азаматтар мен ҮЕҰ үшін қолжетімді құқықтық кеңес беріп қана қоймай, мемлекет жүзеге асырып жатқан бастамаларға қатысу жолдары мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынады.
Бір айдың ішінде орталықтар мамандары 400-ге жуық кеңес берген. Оның ішінде 239 қала тұрғындарына, 103 ауыл тұрғындарына бағытталды. Азаматтарды қызықтырған мемлекеттік сатып алулардың шарттары, әлеуметтік көмек түрлері, волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігі, үкіметтік емес секторды дамытуға арналған қолдау шаралары, баспана мен жерге қатысты мәселелер.
ҮЕҰ консультациялық орталықтары жұмыс күндері тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Кез келген азамат немесе үкіметтік емес ұйымның өкілі мемлекеттік бастамаларға қатысу және азаматтық қоғам институттарын дамытуға қатысты құқықтық көмек алу үшін сілтемедегі мекенжайлар бойынша жүгіне алады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?