13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСу тасқыны болған өңірлер бойынша 80 білім беру ұйымында оқу онлайн форматында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі өңірлердегі жағдайға тұрақты түрде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Министрлік өкілдері республикалық және өңірлік жедел штабтардың құрамында жұмыс жасауда. Жедел ақпаратқа сәйкес, бүгінде 80 білім беру ұйымдарында оқу онлайн форматында жүргізілуде.
Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Нұрмұханова ОКҚ брифингінде хабарлады.
Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жасдәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады, - деді спикер.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды