Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя шеберлік байқасты.
Бірінші партияда румыниялық теннисші 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қатарынан бес геймде ұтылып қалды – 7:5. Екінші сетте чехиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті.
Осылайша, Майами мастерс жарысының финалында Елена Рыбакина мен Петра Квитова бас жүлдені сарапқа салатын болды. Финалдық матч бүгін түнде өтеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шыққан еді.
Биыл қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек