23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мельбурнде жекелей сында әйелдер арасында Аустралия ашық чемпионатының финалы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтық сында WTA рейтингінде 15-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэнь мен әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенко кездесті.
Алғашқы сетті Соболенко еш қиындықсыз өз пайдасына шешті — 6:3, екінші кезең де белорус теннисшісінің басымдығымен аяқталды — 6:2. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Соболенко үш, ал оның қарсыласы алты эйс жасаса, үш брейкпойнтты жүзеге асырды. Осылайша, Арина қатарынан екінші рет Australian Open-де топ жарып отыр.
Естеріңізде болса, былтыр ол финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік