18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA жылы қорытынды турнирінде екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлесіміз Серена Уильямс тобында өнер көрсеткен әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен сынға түсті.
Бұған дейін қос қарсылас 10 рет кездескен, соның алтауында Швентек жеңіске жеткен болатын. Бірінші сетте Швентек басымдық танытса да (6:3), Рыбакина екінші және үшінші сеттерді айқын жеңді - 6:1, 6:0. Матч 1 сағат 38 минутқа созылды, соңғы сәтте жылдамдықты арттырған Рыбакина 5 эйс орындап, 5 брейк-пойнтты тиімді пайдаланды.
Осылайша қазақстандық теннисші турнир тарихында алғаш рет жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты. Алғашқы кездесуде ол Аманда Анисимованы екі сетте жеңген болатын, сондықтан топтағы көрсеткіште екі жеңіспен көш бастады.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан жаһандық жарыста, әлемнің ең үздік 8 теннисшісі бақ сынауда.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр