2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетіп, маусымдағы алғашқы финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатса да, қатарынан алты геймді өз пайдасына шешіп, мықтылығын көрсетті. Бұл жеңіс оған финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік берді.
Финалға шыққаны үшін Рыбакина 87 825 еуро көлемінде жүлде мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды. Еленаның ақпан айында Дубай мен Абу-Дабидегі турнирде жартылай финалға дейін жеткенін ескерсек, бұл – биылғы маусымдағы әзірге ең ірі жетістігі.
Финалда Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинз бен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат