Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетіп, маусымдағы алғашқы финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатса да, қатарынан алты геймді өз пайдасына шешіп, мықтылығын көрсетті. Бұл жеңіс оған финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз:
Финалға шыққаны үшін Рыбакина 87 825 еуро көлемінде жүлде мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды. Еленаның ақпан айында Дубай мен Абу-Дабидегі турнирде жартылай финалға дейін жеткенін ескерсек, бұл – биылғы маусымдағы әзірге ең ірі жетістігі.
Финалда Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинз бен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік