Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді - 2:2. Бұл жолы Калинская матчты брейкпен бастады - 2:0. Бірақ Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті алды - 6:3.
Екінші партияда Елена 3:0 есебімен алға шыққаннан кейін Калинская бәсекені жалғастырудан бас тартты. Небәрі 50 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ресейлік теннисші 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолина немесе рейтингіде 42-сатыдағы қытайлық Синьюй Ванның қай жеңгенімен таласады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары