23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төртінші айналымда ол украиналық Даяна Ястремскаяны 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.
Бірінші сетте Рыбакина брейкпен алға шыққанымен, қарсыласы 7:5 есебімен ұтты. Екінші сетте Елена қос брейкпен есепті теңестірді — 6:2. Шешуші партияда матчболын тиімді пайдаланып, 7:5 нәтижесімен жеңісті жұлып алды.
Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылып, Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін іске асырды. Келесі айналымда ол украиналық Марта Костюкпен кездеседі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік