6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Париж Олимпиадасында теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі доданың 3-номерлі теннисшісі ретінде тіркелді. Ол алғашқы матчта Жаклин Кристианмен (Румыния) кездеседі. Румын атлеті әлем рейтингінде 61-орында тұр. Елена мен Жаклин осыған дейін 2 рет ойнаған. Әзірге таразы басы тең (1-1).
Рыбакинаның 2-кезеңдегі қарсыласы Наоми Осака (Жапония) немесе Анжелика Кербер (Германия) болмақ.
Ал Юлия Путинцева (әлемнің 30-ракеткасы) алғашқы кезеңде украиналық Марта Костюкпен кім мықтыны анықтайды. Бұл екі теннисші арасындағы алғашқы матч болады.
Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында Рыбакина жекелей сында қола медаль үшін ойында жеңіліп, 4-орында қалған.
Жекелей сынның толық жеребесі мынадай:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі