Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарыстарының (Ролан Гаррос - 2016, Уимблдон - 2017) екі дүркін чемпионы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Уимблдон додасының биылғы жеңімпазы Е.Рыбакина бірінші партияда 5:1 есебімен алға кетті. Г.Мугуруса бір брейк жасағанымен, Елена сетті өз пайдасына шешті - 6:3.
Екінші партияда да Рыбакина 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк - 4:1. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:1.
Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кортқа шығады. Жуырда дәл осындай Торонто турнирінде Э.Рискені Юлия Путинцева ұтқан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Қазақстанмен ойнайтын командалардың құрамы анықталған болатын.
Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс