23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен (19-орын) кездесіп, үш сетте - 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы титулына ие болды. Маусым басталғалы қазақстандық теннисші ең үздік нәтижесіне Абу-Даби мен Дубайда (БАӘ) қол жеткізген, ол кезде жерлесіміз жарыстың жартылай финалына шыққан.
Елена енді Франциядағы «Ролан Гарросқа» қатысады. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда аргентиналық Хулия Риерамен (204-орын) кездеседі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Страсбургтегі жеңісі үшін 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік