Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz.
Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты.
Петра Квитова – 2011 жылы Уимблдонда үздік шығып, дүниежүзілік рейтингте 2-орынға дейін көтерілген тәжірибелі теннисші. Ал Рыбакинаның биыл Уимблдон жарысында топ жарғаны белгілі.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:5).
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасап, сосын өз геймін де алды – 5:3. Содан кейін бірінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4.
Екі сағатқа созылған тартысты матчта Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір чехиялық Барбора Крейчиковамен таласады. Ол ширек финалда рейтингте 144-сатыдағы америкалық Алисия Парксті сүріндірді – 7:6 (9:7), 6:3.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік