Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің үшінші айналымында Германия өкілі Ева Лиске есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлемдік рейтингте 66-орында тұрған қарсыласына Рыбакина үш сетке созылған тартысты матчта жол берді.
Алғашқы партияда неміс спортшысы 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рыбакина айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңісті өз пайдасына жазды. Шешуші үшінші сетте есеп 4:4 болған сәтте тартыс шиеленісіп, алайда соңғы сәттерде Лис мүмкіндігін пайдаланып, 6:4 есебімен матчты түйіндеді.
Екі сағат 14 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 8 эйс орындап, 9 брейк-пойнттың жетеуін іске асырды. Ева Лис 1 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Бейжің турнирін үшінші айналымда аяқтады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс