22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.
Бұл жолы Рыбакина Род Лейвер атындағы орталық аренада өткен матчты брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.
Екінші партияда есесіне Остапенко брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша, бұған дейін Уимблдон чемпионы атанған Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Елена финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев