6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишкова оңай шағылар жаңғақ емес-ті.
Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.
Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Осыдан соң қарқынын үдетіп, жеңіске жетті — 6:4.
Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі