Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліӘлемдік рейтингіде бесінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) WTA 2024 Қорытынды турнирі аясында өтті.
Матч қорытындысы — 6:4, 3:6, 6:1.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Рыбакина өзі есебіне алты эйс жазып, екі қосарланған қателік жасады және жеті брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Соболенко төрт эйсті орындап, төрт қосарланған қателікке бой алдырып, жеті брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.
Осы жеңісіне қарамастан, Рыбакина турнирді жалғастыра алмайды. Себебі бұған дейінгі топта ол екі рет жеңілді. Соболенко, керісінше, алғашқы екі ойынын жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс