12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қала алмай, төртінші орынға түсіп қалды.
Оқи отырыңыз:
Ал америкалық Джессика Пегула үшінші орынға көтерілді. Рейтингте Ига Швентек көш басындағы орнын сақтады. Беларусьтің өкілі Арина Соболенко да екінші орнын сақтап қалды.
Қазір Елена Рыбакина Канаданың Монреал қаласында өтетін WTA 1000 Мастерс турниріне қатысу үшін жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Ол турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы – америкалық теннисші Дженифер Брэди. Америкалық спортшы бірінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы латвиялық Елена Остапенконы 7:6 (9:7), 0:6, 7:6 (10:8) есебімен жеңіп, сенсация жасады.
Брэди пен Рыбакинаның матчы 9 тамызда шамамен Астана уақыты бойынша сағат таңғы 06.30-да басталады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер